«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 қыркүйектегі № 804 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығының құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.
2. Мерекелік медальмен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясы рөлінің артуына, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін шет елдерде ілгерілетуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.