Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
2) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін уәкілетті органның ресми тануы;
3) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.