«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 277 бұйрығы

«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 277 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»;

преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

««Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қой тұқымдарын;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қой тұқымдарын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларын;

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді;

осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды;

осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес өнімділік бағытындағы жылқыларды;

осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес жылқылардың зауыттық тұқымдарын;

осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес түйелерді;

осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес құстарды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.