«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 22 шілдедегі № 332-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: