«Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 534 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 118 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 534 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 118 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар);

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы (бұдан әрі - тексеру парағы);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.