«Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 438 бұйрығы

«Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 438 бұйрығы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 10-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18432 тіркелген, 2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Үлгі нысандары:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою туралы қаулы;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуге аудармашының қатысуы туралы қаулы;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуге маманның қатысуы туралы қаулы;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес, аудармашыдан (маманнан) бас тарту (өздігінен бас тарту) туралы қаулы;

8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысынан бас тарту (өздігінен бас тарту) туралы қаулы;

9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысынан бас тартуға қарсылық білдіру туралы қаулы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.