«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 50/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) регламентінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының атына шығыс хат-хабар Әкімшілік-қаржы департаментімен, жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарымен және Агенттіктің аппарат басшысымен электрондық құжат айналымы жүйесінде міндетті түрде келісуге жатады.