Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 5 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 6), 11), 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: