«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 280-НҚ бұйрығы

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 280-НҚ бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі есептілігінің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес активтер, міндеттемелер және капитал шоттары бойынша есеп;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кірістер мен шығындар шоттары бойынша есеп;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сақтандыру резервтерін есептеу туралы есеп;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есеп;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес міндеттемелер көлемі бойынша есеп;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру қызметі туралы есеп;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және қайта сақтандыруға берілген шарттарды есепке алу журналы;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілігін ұсыну мерзімдері мен тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Активтер және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.