(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ЖЕКЕ ҰЙҒАРЫМДАР Ш...

Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 Нормативтік қаулысы

(2018.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды, «253» деген цифрлар «270» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Соттардың жеке ұйғарымдар шығару кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын біркелкі қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 270-бабында қарастырылған тәртіпте шығарылған жеке ұйғарымдар - соттардың заңдылықты бұзушылық жағдайына назар аудару актісі болып табылады.

2. Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзушылық жағдайлар жеке ұйғарымдар шығару үшін негіздемелер болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттерді заңдылықты бұзушылық деп түсінген жөн.

Іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу міндеттерін тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіздеме бола алмайды.

3. Соттар тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің қызметін жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды тұлғалар болып танылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.