«Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 221 бұйрығы

«Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 221 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Авиация персоналына куәліктер беру» деген 1-қосымша) әзірленген.

2. Осы біліктілік талаптары авиация персоналының мынадай куәліктерін алу үшін кандидаттарға қолданылады:

1) ұшу экипажының мүшелеріне:

аса жеңіл әуе кемесінің пилотының куәлігі (ULAPL) (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);

жеңіл әуе кемесінің пилотының куәлігі (LAPL) (ұшақ, тікұшақ);

жеке пилоттың куәлігі (PPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.