«Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 517 бұйрығы

Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 517 бұйрығы

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 187) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Тізбенің 1-тармағының 32) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;

2) Тізбенің 11-тармағының 1), 2), 3), 10) тармақшалары 2031 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады;

3) Тізбенің 10-тармағының 29-1) тармақшасы 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысына сәйкес «Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту жүргізілген және Нұра ауданы Ұлы Дала даңғылы мен Шыңғыс Айтматов көшесінің қиылысындағы, «Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының шекаралар жоспарына сәйкес белгіленген жер учаскесіне қолданылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.