2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) рұқсаттар беруге;
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге;
4) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге;
5) мемлекеттік активтердi басқаруға байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қолданылады.
22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы шектеулер мен тыйымдар
Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнде:
1) мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуына;
2) тауарлар мен қызметтер рыногындағы бәсекенi шектеуге немесе жоюға;
3) табиғи монополияларды және заң актілерінде көзделген жағдайларда қызметтiң жекелеген түрлерiне мемлекет монополиясын қоспағанда, жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рыноктағы монополиялық жағдайына;
4) заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының біртұтас рыноктық кеңiстiгi шегiнде капиталдың, еңбек ресурстары мен тауарлардың еркiн қозғалуына кедергiлер белгiлеуге;
5) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар мен шектеулер көзделуге тиiс.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
23-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Осы Заңның өзге нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
1. Осы Заңның ережелерi әкiмшiлiк рәсiмдердiң жекелеген түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау үшiн негiзгi ережелер болып табылады.
2. Осы Заңға сәйкес жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібі туралы заңдарда осы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерiн айқындайтын әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi, осы мерзiм iшiнде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң әкiмшiлiк рәсiмдердi регламенттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілерін осы Заңға сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының
| Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2000 жылғы қарашаның 27-і.
№ 107-II