(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН...

Предыдущая страница

Арнаулы мемлекеттік орган кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.

2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын айқындау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

Қызметке кандидатқа, оның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған жақын туыстарына қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.

4. 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Əскери немесе құқық қорғау қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметті өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде əскери немесе құқық қорғау қызметінен не арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі. Бұл ретте көрсетілген кезең лауазымдық айлықақыны айқындау үшін өтілін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.

 

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу, тексеру және қабылдау

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды тексеруді арнаулы мемлекеттік органдардың кадр және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.

Қызметке кандидаттарды іріктеу, тексеру және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыруды, өткізу тәртібін және әдістемесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

2. Қажетті құжаттардың тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімдерін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

3. Қызметке кандидат білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене бітімі дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.

4. Кандидатты медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

5. Кәсіби-психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары жүргізеді. Бұл ретте кандидаттың жеке, тұлғалық, кәсіби сипаттамаларының арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі айқындалады.

6. Кандидаттың келісімшарт бойынша қызметке тұру үшін белгіленген талаптарға сай келетін құжаттарын құрылымдық, аумақтық және өзге де бөлімшелер бағалау үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді.

Қажет болған жағдайда, кандидат кәсіби жарамдылығын тексеру үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға шақырылуы мүмкін.

7. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылдау, әдетте, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

8. Конкурсқа қатысу үшін келген азаматтың кандидатурасын құрылуы мен жұмыс тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын конкурстық комиссия қарастырады.

Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысы келіп түскен кезде уәкілетті басшы кандидатпен келісімшарт жасасады, қажетті материалдарды ресімдейді және оларды жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді.

10. Тиісті арнаулы мемлекеттік орган конкурс нәтижелері туралы құжаттарды алғаннан кейін іріктеліп алынған кандидаттарға қатысты оларды лауазымға тағайындау туралы жеке құрам бойынша екі ай ішінде бұйрық шығарады.

11. Арнаулы мемлекеттік органдарға офицерлік құрамдағы адамдарды қызметке қабылдау арнаулы мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтарымен ресімделеді.

12. Конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды тұлғалар осы Заңда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіретін адамдар қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Курсанттарды, тыңдаушыларды қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің лауазымына тағайындалған немесе кадрына қабылданған әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен әскери есептен алынады және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебіне қойылады, олардың тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

 

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-бап. Келісімшарт

1. Келісiмшартты Қазақстан Республикасының азаматы уәкілеттi басшымен жасасады.

2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

1) мерзiмінің аяқталуы бойынша;

2) қызметкердің мерзiмiнен бұрын қызметтен шығарылуына байланысты;

3) қызметкер басқа келiсiмшартты жасасқан күннен бастап;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.

3. Келісiмшартта азаматтың қызметке тұруының ерiктілiгi, азаматтың қызметті өткеруге мiндеттенетін мерзiмi мен келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.

4. Келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру мiндетiн қамтиды. Келiсiмшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, оның құқықтарының сақталуын көздейтін нормалар қамтылады.

5. Лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған қызметкерлер келiсiмшарт жасаспастан тиiстi лауазымдағы қызметтi өткередi.

Аталған қызметкерлер лауазымынан босатылғаннан кейiн қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.

6. Келiсiмшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi осы Заңмен және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерімен айқындалады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт:

1) үш жылға;

2) бес жылға;

3) он жылға;

4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;

5) курсанттар, тыңдаушылар үшін - арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін - арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін.

Қызметкер жүктілікке жəне баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тəртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

8. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері лауазымына және керісінше ауыстырылған жағдайда онымен алдыңғы келісімшарттың қалған мерзіміне тең мерзімге жаңа келісімшарт жасалады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу

1. Арнаулы (əскери) оқу орындарына немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге:

1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;

əскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне əскерге шақыру бойынша мерзімді əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;

келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін;

2) қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, əскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толғанға дейін;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан жоғары білімі бар қызметкерлер мен əскери қызметшілердің құқығы бар.

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Офицерлер құрамы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне кадр бөлімшелерінің жіберуі бойынша оқуға түсуге құқығы бар.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери, арнаулы оқу орындарына түсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде баллдары тең болған жағдайда, мынадай кезектілікпен:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) кемінде екі жыл кезең ішінде жас сарбаз, жас айбын ретінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, кемінде он бес жыл еңбек сіңірген қызметкерлердің, сондай-ақ жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген, қызметтен шығарылған адамдардың балалары;

4) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар;

5) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылдың жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың нысанасына сәйкес келген жағдайда, басым құқыққа ие болады.

4. Халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу жəне жіберу тəртібі арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен белгіленеді.

5. Курсанттың, тыңдаушының қызметтік міндеттерді атқарудың басталуы болып олардың арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған күні есептеледі.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Əскери қызмет өткермеген азаматтар арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызметкерлер мəртебесiне ие болады жəне олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ кемiнде бiрiншi курсты бітірген соң келiсімшарт жасасады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Қызметкерлер арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған не шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде жаңа келiсімшарт жасасады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Əскери қызмет өткерген, сондай-ақ келісімшарт, əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген азаматтар арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде курсант, тыңдаушы лауазымына тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап келiсімшарт жасасады.

9. Арнаулы (əскери) оқу орындарына оқуға түскен немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген азаматтар оқу мерзіміне жəне сонымен бір мезгілде оқуды бітіргеннен кейін қызметкерлер лауазымдарында күнтізбелік есептеумен он жылға арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

10. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсуші азаматтың жəне арнаулы мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді жəне оқуды бітіргеннен кейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті одан əрі өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Осы Заңда белгiленген тəртiппен келiсiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберуге жатады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді

12. Әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.

Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ келісімшарт жасасудан бас тартқан курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.

Бұл ретте үлгермеушілігі үшін, өз бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына және келісімшарт жасасудан бас тартуына байланысты оқудан шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Оқытуға кететін шығындар сомасы келісімшартта жəне (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттарда (келісімшарттарда) айқындалады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді

13. Қызметкер арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бiтіргеннен кейiн қызмет өткеруден бас тартқан жəне осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 5), 6), 12-1) жəне 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекетке өтеуге міндеттi.

Өтеуге жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін əрбір толық өткермеген айға пропорционалды түрде есептеледі.

14. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартта (келісімшартта), егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тараптардың ұлттық заңнамасына сəйкес білім алушылар үшін көзделген тараптардың (орындаушының жəне тапсырыс берушінің) өзара міндеттемелері мен құқықтары, қызметкерлердің құқықтарымен міндеттері, оқуға ақы төлеу мөлшері мен тəртібі, оқу мерзімдері жəне тұру жағдайлары, оқыту, ақшалай, заттай жəне өзге де ризықпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету жəне сақтандыру мəселелері белгіленеді.

 

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар

Қызметкерлердің лауазымдарына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін арнаулы мемлекеттік орган лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

 

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру арнаулы мемлекеттік органдардың әскери, арнаулы оқу орындарында және оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Білім алушылардың контингентін қалыптастыру, қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

 

13-бап. Қызметкерлердің ант қабылдауы

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген, бұрын әскери ант немесе қызметкер антын бермеген қызметкерлер ант береді.

2. Қызметкерлер антының мәтінін және оны қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметкерлердің уақтылы ант беруіне жауаптылық, ант беруді ұйымдастыру және есепке алу арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен кадр бөлімшелеріне жүктеледі.

 

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді кәсіптік бейімдеу

Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлер бөлімшенің жедел қызметтік әрекеттеріне бейімделуден өтеді.

Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

 

 

3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

15-бап. Қызметкерлердiң мәртебесi және олардың құқықтық кепiлдiктерi

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметкерлер мемлекеттiк билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

Қазақстан Республикасының азаматы қызметке кірген күннен бастап қызметкер мәртебесіне ие болады және арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап мәртебесінен айырылады.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарын барлық жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар орындауға міндетті.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметкерлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның басшысына, тiкелей және уәкiлеттi басшыларға ғана бағынады.

4. Қызметкерлердiң қызметiне, оған Қазақстан Республикасының заңдарымен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдардан басқа, ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қызметкерлердiң қызметiне құқыққа қарсы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін бұйрық немесе өкім алған кезде қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарын ғана басшылыққа алуға міндетті.

Басшыларға қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар немесе өкімдер беруге тыйым салынады.

Бұйрықтар немесе өкімдер жазбаша немесе ауызша берілуі мүмкін.

Жауынгерлік іс-қимылдардан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында, сондай-ақ жедел іздестіру, қарсы барлау, күзет іс-шараларын өткізу кезінде міндеттерді орындаудан басқа жағдайларда, бұйрықтар немесе өкімдер жазбаша түрде беріледі.

Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардағы ауызша бұйрық немесе өкім міндетті түрде кейіннен жазбаша ресімделуге тиіс. Ресімдеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ оны ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Қызметкерлердің өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке), бұйрықтарға немесе өкімдерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

Қабылданған шешімдерді және (немесе) нұсқауларды, бұйрықтарды немесе өкімдерді қызметкерлердің назарына жеткізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдардың ішкі қызмет жарғысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)