16-бап. Қызметтік міндеттерді атқару
1) лауазымдық мiндеттер атқарған;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында міндеттер атқарған;
3) бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегі бiтiмгершілік операцияларына қатысқан;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан;
6) егер бұл қызметтік қажеттiлiктен туындаса, күн тәртiбiне белгіленген қызмет уақыты iшiнде немесе басқа да уақытта қызметтік объектілердің аумағында, сондай-ақ өзге де орындарда болған;
7) қызметтiк iссапарда болған;
8) қызметте, қызмет орнына бару және керi қайту жолында болған;
9) емдеуде немесе медициналық тексеруде (куәландыруда), емдеу немесе медициналық тексеру (куәландыру) орнына бару және керi қайту жолында болған;
11) тұтқында, кепiлге алыну немесе еркiнен айрылу жағдайында болған;
12) жеке адамның өмiрiн, денсаулығын қорғаған;
13) адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғау, құқық тәртібiн сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
14) сот жеке адам, қоғам, мемлекет мүдделерiнде жасалған деп таныған өзге де iс-әрекеттер жасаған жағдайларда, қызметтік мiндеттерiн атқарушы болып есептеледі.
17-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты құқықтары
1) лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпараттар мен материалдарды белгiленген тәртiппен алуға;
2) өздерiнiң құқықтары мен лауазымдық мiндеттерiн айқындайтын құжаттармен танысуға;
3) лауазымдық мiндеттерiн атқарумен байланысты мемлекеттiк органдарға, ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға белгiленген тәртiппен кiрiп-шығуға;
4) егер лауазымдық мiндеттерiн орындау мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен байланысты болса, белгiленген тәртiппен осындай мәлiметтерге қол жеткiзуге;
5) қызметтік іс-әрекет нәтижелерi, қызмет өтiлi мен бiлiктiлiк деңгейi ескеріле отырып, қызметте өсуiне;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жеке iсiне енгiзiлгенге дейiн өздерiнiң қызметтік жұмысы туралы пiкiрлермен жəне басқа да құжаттармен, жеке iс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ өздерiнiң жазбаша түсiнiктемелерiн жəне басқа да құжаттар мен материалдарды жеке iске қосуға;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуіне және біліктілігін арттыруына;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағылымдамадан өтуіне;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) уәкілетті басшымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарына (курсанттар мен тыңдаушылардан басқа) түсуіне;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмiрiнiң, денсаулығының және мүлкiнiң, өз отбасы мүшелерi өмiрiнiң, денсаулығының және мүлкiнiң мемлекеттiк қорғалуына;
9) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің дербес деректерiнiң қорғалуына;
10) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн, сондай-ақ қызметiн өткеруге байланысты жеке дауларды шешу үшiн бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгiнуге;
11) медициналық қамтамасыз етілуге және санаториялық-курорттық емделуiне;
12) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қорғалуға;
13) тұрғын үймен қамтамасыз етiлуге;
14) қызметтiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызметтінің тиiсiнше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайлары жасалуына;
15) осы Заңға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қызметкерлерге өз құзыретi шегiнде өздерiне жүктелген мiндеттеріне сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.
18-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты мiндеттерi
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асыруға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет жəне еңбек тəртібін сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектеулердi қабылдауға;
6) 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) басшылардың өз өкілеттіктері шегінде берген заңды бұйрықтарын немесе өкімдерін орындауға;
8) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның iшiнде қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, ол жөнiнде қолхат бере отырып, заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға;
9) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
10) мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) қызметкердiң жеке мүддесi өзiнiң өкiлеттiктерiмен ұштасатын немесе оларға қайшы келетiн жағдайларда, қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында баянат беруге және тiкелей және уәкiлеттi басшыны дереу хабардар етуге;
12) өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
13) қызмет мүдделерiне зиян келтiретiн жария сөйлеуге жол бермеуге;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) тікелей басшысына:
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында дереу хабарлауға;
15) қажетті кәсіби және құқықтық білім, дене күші, арнаулы және жауынгерлік дайындық деңгейін сақтап тұруға мiндеттi.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкес қызметкерлерге өз құзыретi шегiнде арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де мiндеттер белгiленедi.
19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесiнде өз мүшелерiнiң еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшiн олардың кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығына негiзделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсаттарда пайдалануға;
8) пайдакүнемдiк мақсаттарда, оның iшiнде лауазымды немесе өзге адамдармен сөз байласу жолымен өзінің қызмет жағдайын пайдалануға;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ.
Куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаруға әкеп соғады.
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті қызмет өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр бөлімшесіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қызметкер өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын-жайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі.
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Қызметкерлер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
3. Осы бапта көзделген шектеулердi сақтамағаны үшiн жауаптылық осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.
20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі
Соғыс жағдайының қолданылу кезеңінде арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі ерекшеліктерін және оның жалғастырылуын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқармағаны немесе тиiсiнше атқармағаны үшiн қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртiптiк жауаптылықта болады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты немесе өкімді орындау қызметкерді жауаптылықтан босатпайды.
Орындау үшін алынған бұйрықтың немесе өкімнің құқыққа сыйымдылығына күмәнданған кезде қызметкер бұл жөнінде өзінің тікелей басшысына және бұйрықты немесе өкімді берген басшыға қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы берілген бұйрықты немесе өкімді жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарға жататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) алып келмесе, оны орындауға міндетті. Қызметкердің заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындауының салдары үшін осындай бұйрықты немесе өкімді берген басшы және осы бұйрықты немесе өкімді растаған басшы жауапты болады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
4. Құқыққа қайшы әрекеттерімен арнаулы мемлекеттік органға келтірілген материалдық нұқсан үшін қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Қызметкердің қызметтік куәлігі және жетоны
Қызметкерге оның жеке басын және арнаулы мемлекеттік органға тиесілігін растайтын қызметтік куәлік пен жеке нөмірі бар жетон беріледі.
Қызметкердің қызметтік куәлігі - оның лауазымы мен арнаулы атағын, қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкеріне жеке нөмірі бар жетоннан басқа, күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі өкілеттігін растайтын қызметкер жетоны беріледі.
Қызметкерлердің қызметтік куәліктерін, жетондарын беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамалары мен үлгілерін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі
1. Арнаулы атақ берілген қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен арнаулы киім үлгісімен қамтамасыз етіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы киім үлгісінің түрлері мен сипатын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Арнаулы киім үлгісімен қызметкерлерді қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісін киіп жүру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған Қазақстан Республикасы азаматтарының, күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде, ерекше салтанатты жəне салтанатты арнаулы киім нысанын кию құқығы сақталады.
24-бап. Кадр құрамы
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдарда штаттық немесе штаттық емес лауазымдарда, оның ішінде қолданыстағы резервте қызмет өткереді.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қолданыстағы резервке алу мен олардың қызметті өткеру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты жеке істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу жəне сақтау тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдардың жедел немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінде қызмет өткереді.
Бөлімшелерді жедел және оларға теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді.
Қызметкерлер мынадай құрамдарға бөлінеді:
1. Арнаулы мемлекеттік органдарда мынадай арнаулы атақтар белгіленеді:
қатардағы қызметкер;
кiшi сержант;
сержант;
аға сержант;
лейтенант;
аға лейтенант;
капитан;
майор;
подполковник;
полковник;
генерал-майор;
генерал-лейтенант;
генерал-полковник.
2. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының алдында олардың мыналарға қатыстылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады:
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына - «ұлттық қауіпсіздік»;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне - «Мемлекеттік күзет қызметі»;
3) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Запастағы азаматтардың арнаулы атақтарының алдына «запастағы», ал отставкадағыларға - «отставкадағы» деген сөздер қосылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері:
офицерлік құрамға:
лейтенанттарға - екі жыл;
аға лейтенанттарға - үш жыл;
капитандарға - төрт жыл;
майорларға - бес жыл;
подполковниктерге - жеті жыл белгіленеді;
полковниктер мен одан жоғарыларға - белгіленбейді:
қатардағы мен сержанттық құрамға - белгіленбейді.
Оқу мерзімі бес жыл жəне одан көп болатын арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.
27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі
1. Арнаулы атақтар қызметкерлерге дербес беріледі. Арнаулы атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.
2. Қызметкерлерге арнаулы атақтарды:
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жоғары офицерлік құрамға - Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;
2) полковникті - арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өзге де арнаулы атақтарды - уәкілетті басшылар береді.
3. Алғашқы арнаулы атақтар болып:
2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) офицерлік құрам үшін - лейтенант (осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайларда - аға лейтенант);
2) сержанттар құрамы үшін - кіші сержант;
3) қатардағы құрам үшін - қатардағы қызметкер саналады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда