(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН...

Предыдущая страница

2) офицерлер құрамының арнаулы атағы жоқ және жоғары білімі бар қызметкерге - офицерлер құрамы лауазымына тағайындалған кезде;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3) әскери, арнаулы атағы немесе офицерлер құрамының сыныптық шені жоқ, жоғары білімі бар, арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген Қазақстан Республикасының азаматына офицерлер құрамы лауазымына тағайындалған кезде беріледі.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен əскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» арнаулы атағы беріледі.

5. Офицерлік құрамның алғашқы арнаулы атағын қызметкер қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы береді.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. «Кіші сержант» арнаулы атағы «кіші сержант» және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. «Кіші сержант» арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.

8. «Қатардағы қызметкер» арнаулы атағы арнаулы атағы жоқ азаматтарға:

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Запастан қабылданған не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауысу тәртібімен қабылданған Қазақстан Республикасының азаматына қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.

Бұрын арнаулы мемлекеттік органдарда немесе құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан немесе құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен ауысу тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы немесе сыныптық шені бар Қазақстан Республикасының азаматтарына қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі.

Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған Қазақстан Республикасы азаматының өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлер құрамының арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.

Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есепке жазылады.

Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызмет бабында ауыстырылған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды. Өздерінде бар арнаулы немесе әскери атағы ол қызмет өткеретін органға (бөлімшеге) тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы немесе әскери атаққа сәйкес келеді деп танылады.

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі.

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.

11. Қызметкерде алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ол кезекті арнаулы атағын алуға ұсыныла алмайды.

12. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақ берілген күннен бастап есептеледі.

14. Сержанттар құрамының лауазымына тағайындау кезінде тиісті даярлықтан өткен қызметкерге арнаулы атақ берілуі мүмкін.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді

15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін арнаулы атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің әскери, арнаулы оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16. Қызметтік борышын үлгiлi орындайтын, қызмет атқару немесе өзге де қызметтік міндеттерін атқару кезiнде жоғары кәсіби шеберлiк пен ынта-жiгер танытқан қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн, бiрақ атқарып отырған лауазымдар бойынша көзделген әскери атақтан жоғары болмайды.

Мерзiмiнен бұрын арнаулы атақ арнаулы атақта белгiленген еңбек сiңiру мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн, бiрақ тиiсiнше кiшi және аға офицерлік құрамның әскери атақтарында қызмет өткерген кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Қызметтік, жауынгерлiк даярлықта, қызметтік тәртiптi нығайтуда, күрделi техниканы меңгеруде жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты тапсырылған учаскедегi мiндеттердi үлгiлi орындайтын қызметкерге подполковникке дейiн, ал ғылыми дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық құрам офицерлеріне және емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар офицерлеріне полковниктi қоса алғанда - атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр сатыға жоғары кезектi арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.

Атқарып жүрген лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр сатыға жоғары кезектi арнаулы атақ қызмет кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi және арнаулы атағында кемiнде екi белгiленген еңбек сiңiру мерзiмі өткеннен кейiн берiледi.

18. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19. Офицерлік немесе сержанттық құрамның арнаулы атағынан айырылған азаматқа (әскери мiндеттiге) қатардағы құрамның әскери есебiне бiр мезгiлде ауыстыра отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi әскери басқару органының бастығы «қатардағы қызметкер» әскери атағын бередi.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 27-1-бап өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы

Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:

генерал-майор қызметкерге жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник арнаулы атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін жəне жоғары офицерлік құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;

генерал-лейтенант кемінде үш жыл генерал-майор арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін;

генерал-полковник кемінде үш жыл генерал-лейтенант арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

 

28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру

1. Қызметкердің арнаулы атағы бiр сатыға:

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жоғары офицерлік құрам - Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентiмен;

2) офицерлік құрам (жоғары офицерлік құрамнан басқа) - арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысымен;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өзге де арнаулы атақтар - уәкілетті басшылармен төмендетілуі мүмкін.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Арнаулы атағы төмендетілген (жоғары офицерлік құрамнан басқа) қызметкердің бұрынғы арнаулы атағы, атқарып жүрген лауазымына қарамастан, арнаулы атағы төмендетілген күннен бастап алты ай өткен соң уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтіріледі.

Арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту күнінен бастап үзіледі және арнаулы атақты қалпына келтіру күнінен бастап қайта жалғасады.

Қызметкердің бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіргенге дейін және оған кезекті арнаулы атақ берілгенге дейін арнаулы атақты қайтадан төмендетуге жол берілмейді, бірақ ықпал етудің өзге де шарасы қолданылады.

Жоғары офицерлік құрамның бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған қызметкерлер соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі бойынша арнаулы атағынан айырылады.

Қызметкерлерді арнаулы атақтарынан айыруды:

1) жоғары офицерлік құрамға қатысты - Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;

2) полковникке қатысты - арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өзге де арнаулы атақтарға қатысты - уәкілетті басшылар жүзеге асырады.

4. Заңсыз соттауға байланысты арнаулы атағынан айырылған азаматқа бұрынғы арнаулы атағы Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген бұрынғы құқықтары мен жеңiлдiктерi қалпына келтiрiле отырып, оны ақтау туралы шешiм күшiне енгеннен кейiн берiледi.

 

29-бап. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қызметкер арнаулы атағы сəйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.

2. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметкерді лауазымға тағайындау бiлiмi мен кәсіби даярлығы деңгейiн, оның психологиялық қасиеттерiн, денсаулық жағдайын және осы Заңда көзделген өзге де мән-жайларды ескере отырып, жүргізiледi.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау қызметтiк әрекетінің тәжiрибесi ескерiле отырып, оларды негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Қызметкерді олар үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде, тағайындалуы жоспарланып отырған немесе тағайындалған қызметкерлер өзге қызмет бейіні лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде тиісті қайта даярлау курсынан өтуге тиіс.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қашықтан оқытуды және (немесе) онлайн-оқытуды қолданатын білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін офицерлер құрамы қызметкері бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.

Жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қатардағы қызметкер немесе сержанттар құрамы қызметкері бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.

Жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.

Әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған кезде магистранттың, докторанттың, адъюнкттің, тыңдаушының және курсанттың бұрын өзіне берілген арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені сақталады.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер өздерін оқуға жіберген бөлімшелерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға қайтып келеді.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар алмастыруға жататын жəне Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан əрі - лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрам лауазымдарына тағайындалады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен əскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған басым тəртіппен офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындалады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын немесе мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер оқуды аяқтағаннан кейін бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.

Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады немесе лауазымға одан әрі тағайындау үшін тиісті басшының қарамағына жіберіледі.

8. Лауазымдарға тағайындау кезiнде мынадай шарттар сақталады:

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) сержанттар құрамы және офицерлер құрамы лауазымдарына тиiстi құрамның қызметкерлері тағайындалады.

Аталған лауазымдарға тиiстi құрамның қызметкерлерiн тағайындау мүмкiн болмаған кезде оларға арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысы айқындайтын тәртiппен төмен тұрған құрамның қызметкерлері тағайындалуы мүмкiн;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тиiстi басшылардың қарамағына жiберiлген қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау осы Заңның 33-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмнен аспайтын, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргiзiледi;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) егер ауыстырылатын лауазым бойынша денсаулық жағдайына неғұрлым жоғары талаптар көзделсе, қызметке жарамдылық санаты туралы әскери-дәрігерлiк комиссияның қорытындысы ұсынылады;

4) егер қызметкерге мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе аталған рұқсаттама тоқтатылған жағдайда, ол мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерге берiлетiн рұқсаттамамен байланысты емес лауазымға белгiленген тәртiппен тағайындалады немесе қызметтен шығарылуға жатады;

5) өзара жақын туыстықта болатын қызметкерлерге, олар бiр-бiрiне тiкелей бағынысты болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет өткеруге рұқсат берiлмейдi.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1. Емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті бейіндегі жұмыскерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.

Емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал көрсетілген лауазымдарға оларды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылады.

9. Қызметкерлер жоғары тұрған, тең немесе төмен тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн.

10. Лауазымдар тiзбесiнде ол лауазымға бұрынғы лауазым бойынша арнаулы атаққа қарағанда неғұрлым жоғары арнаулы атақ, ал штатта көзделген арнаулы атақтар тең болған жағдайда - бiлiктiлiк талаптарының немесе басқару органының неғұрлым жоғары деңгейi сәйкес келсе, лауазым жоғары тұрған болып есептеледі.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Қызметкерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау қызметi бойынша жылжыту тәртібiмен жүргiзiледi.

Жоғары тұрған лауазымға аттестаттау комиссиясы ұсынған қызметкер тағайындалады.

12. Лауазымдар, егер оларға тең арнаулы атақ, сондай-ақ тең бiлiктiлiк талаптары немесе басқару органдарының деңгейi сәйкес келсе, тең болып есептеледі.

13. Қызметкерді тең лауазымға тағайындау:

1) ұйымдастырушылық-штаттық iс-шараларға байланысты;

2) қызметкерді қызметте орынды пайдалану үшiн;

3) осы Заңның 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде, келiсiмшарт бойынша қызмет өткеретiн қызметкердің баянатына сәйкес отбасы жағдайы бойынша;

4) әскери-дәрігерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргiзiледi.

14. Лауазым, егер оған неғұрлым төменiрек арнаулы атақ, сондай-ақ анағұрлым төмен бiлiктiлiк талаптары немесе басқару органдарының төменгi деңгейi сәйкес келсе, төмен болып есептеледі.

15. Төмен лауазымға тағайындау:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) қызметкердің келiсiмiмен:

оның даярлық бейiнiне тең бос лауазым болмаған кезде ұйымдастырушылық-штаттық iс-шараларға байланысты;

осы тармақшаның төртінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісімен расталатын, осы Заңның 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған отбасы жағдайы бойынша;

жұбайы (зайыбы) өзге елді мекенде қызмет өткеріп жатқан қызметкердің баянаты бойынша;

әскери-дәрігерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша;

осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, уәкілетті басшының қарамағында болған кезеңде;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) бір сатыдан төмен емес лауазымға уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша қызметкердің келісімінсіз жүргізіледі.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16. Қызметкерді ауыстыру, лауазымнан босату, уәкілетті басшының қарамағына жіберу, қызметтен шығару кезінде, оған арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру кезінде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен ұсыну ресімделеді.

 

31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі

1. Қызметкерді ауыстыру - бұл оның лауазымдық жағдайын немесе қызмет орнын өзгерту.

Ауыстыру:

1) лауазымға тағайындалған;

2) iссапарға жiберiлген;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті басшының қарамағына жіберілген;

4) әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшелерінің арасында ауыстырылған;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)