(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН...

Предыдущая страница

5) бір арнаулы мемлекеттік органнан екіншісіне не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, құқық қорғау органдарынан арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстырылған;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) бөлiмше тұрақты орналасу орнын өзгерткен;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан не шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға сəйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уəкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.

3. Қызметкерді ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iстердi және лауазымын тапсырғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.

Iстерді және лауазымын тапсыруды бастауды уәкілетті басшы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзiндi-көшірме немесе қызметшiнi ауыстыру жөнiнде жазбаша хабарлама түскен күннен бастап, бiрақ хабарлама келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген қызметкер үшін - ол келген күннен бастап айқындайды.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

Бір арнаулы мемлекеттік органнан екіншісіне не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, құқық қорғау органдарынан арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстыру осы Заңның 7 және 8-баптарының талаптарына сай болған кезде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.

 

32-бап. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруды жүктеу

1. Қызметтiк қажеттiлiкке байланысты қызметкерге ол атқармайтын лауазымға тең немесе одан жоғары лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқару:

1) бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша - оның келiсiмiмен жүктелуi мүмкiн, бұл жағдайда қызметкер атқарып отырған лауазымы бойынша мiндеттердi атқарудан босатылады, бiрақ атқарып отырған лауазымынан босатылмайды және оған мiндеттердi уақытша атқаруға жiберiлген лауазымы бойынша ақшалай үлес төленеді;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) бос емес (тағайындалған) лауазым бойынша - оны атқарып отырған қызметкер уақытша болмаған немесе оны атқарып отырған қызметкерді лауазымынан шеттеткен жағдайда, екі айдан аспайтын мерзiмге жүктелуi мүмкiн.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Қызметкерге бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқарып отырған лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды уәкілетті басшы жүзеге асырады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкеріне жоғары офицерлер құрамы алмастыруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Органның басшысы өзi уақытша болмаған жағдайда мiндеттердi уақытша атқаруды орынбасарларының бiреуiне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейдi.

 

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-бап. Уәкілетті басшының қарамағына жіберу

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметті одан әрі өткеру мәселелерін шешу үшін қызметкерлер уәкілетті басшының қарамағына жіберілуі мүмкін.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда жəне мерзімдерге қызметкерді уəкілетті басшының қарамағына жіберуге жол беріледі.

Қарамағында болу мерзіміне демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ал олар қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда - медициналық ұйымдарда емделуде болған кезеңдер есептелмейді.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қарамағында қызметкерлер бар уәкілетті басшылар олардың лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметкер:

1) оны басқа лауазымға тағайындау кезінде уәкілетті басшының қарамағында екі айдан аспайтын мерзімде болу;

2) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар (штаттардың қысқаруы) өткізуге байланысты уәкілетті басшының қарамағында үш айдан аспайтын мерзімде болу;

3) 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қызметкерге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолданылған күннен бастап қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін уәкілетті басшының қарамағында болу;

5) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберілу;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қолданыстағы резервте болу;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының (осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда) және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу үшін оқу демалысының берілуіне байланысты оқу жоспарында айқындалған мерзімге уәкілетті басшының қарамағында болу;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) ақшалай ризық сақталмай шетелге қызметке, оқуға жіберілген қызметкер, құқық қорғау органдарының қызметкері немесе әскери қызметші - жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде қызметкерлердің уәкілетті басшысының қарамағында болу;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес білім алуға байланысты уәкілетті басшының қарамағында болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген белгіленген мерзімдерден астам қарамағында жүрген қызметкерлерге қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық шаралар қабылдамаған уәкілетті басшылар осы Заңға сәйкес жауапты болады.

 

34-бап. Лауазымнан босату

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметкер ауыстырылған, қызметтен шығарылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Заңда көзделген басқа да мән-жайларға байланысты атқарып жүрген лауазымынан босатылады.

2. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босатуға уәкілетті басшының құқығы бар.

 

35-бап. Ресми өкілдер

Арнаулы мемлекеттік органдар өздерінің ресми өкілдерін өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріне жіберуі мүмкін.

Ресми өкілдер туралы ережені арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

 

36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қызметкерлер мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ ұйымдарына, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, олардың бірінші басшыларының келісімімен, не халықаралық шарттар негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.

Іссапарға барған қызметкердің өзі іссапарға барған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы осы Заңда айқындалған тәртіппен конкурстық іріктеуден тыс жүзеге асырылады.

Бұл ретте іссапарға жіберілген адамның мәртебесі сақталады, ал бұдан бұрын жасалған келісімшарттың қолданысы тоқтатылмайды.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Заңға сәйкес жүргізіледі.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге арнаулы атақтар беру, оларды мемлекеттік наградалармен наградтау осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерді лауазымға тағайындау немесе қызметтен шығару ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы, ұйымдарындағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан (қызметтен шығарылғаннан) және қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органға қайтып оралған соң, осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнаулы атақ бойынша айлықақыларды және қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін, осы Заңда көзделген өзге де төлемдерді қоспағанда, олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұйымдары қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген еңбегіне ақы төлеу осы органдарды, сондай-ақ ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

Іссапарға жіберілген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұйымдарының қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен, осы органдарды, сондай-ақ ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

5. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін емдеуге жұмсалған шығынды өтеу, сауықтыру жәрдемақыларын төлеу, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) ақысын төлеу белгіленбесе, онда олар арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу кезеңінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтар, кепілдіктер, жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау сақталады.

Іссапарға жiберiлген қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Біржолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметкер іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

8. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері осы Заңның 36-1-бабында айқындалады.

 

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

36-1-бап. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері

1. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғынжайды ұстауға және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған ақшалай өтемақы, бір елді мекеннен арақашықтығы бір жүз километрден асатын екінші бір елді мекенге көшуге байланысты болатын қызмет бабымен ауысу кезінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтерме жәрдемақы төлеу, қызмет бабымен ауысу кезінде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып өтеу, сондай-ақ емделуге жұмсалған қаражатты өтеу олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Іссапарға жіберілген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Арнаулы атағы бойынша айлықақы төлеу, тұрғын үй төлемдері, қызмет өткеру кезеңiнде қызметкер қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайдағы, оған мүгедектiк белгіленген кездегі немесе ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты мертіккен жағдайдағы біржолғы өтемақылар, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

 

37-бап. Кадр резерві

1. Арнаулы мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастыру және лауазымдардың жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнаулы мемлекеттік органда кадр резерві жасалады.

2. Кадр резерві аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары тұрған лауазымға жоғарылатуға ұсынылған қызметкерлерден қалыптастырылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бос басшы лауазымға арнаулы мемлекеттік органның кадр резервінде тұрған қызметкер уәкілетті басшының шешімі бойынша орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкерлер ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде бос лауазымға аттестаттау нәтижесі бойынша басқа қызметкер орналастырылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жауаптылығы арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысына және кадр бөлімшесіне жүктеледі. Арнаулы мемлекеттік органдарда кадр резерві кадрлардың сапалық құрамы және тиісті лауазымдарға орналастыру қажеттігі ескеріле отырып қалыптастырылады.

5. Кадр резервіне қоюды уәкілетті басшы жүзеге асырады.

6. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, лауазымынан немесе арнаулы атағынан төмендетілген, сондай-ақ оған қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескерту түрінде тәртіптік жазалау шарасы қолданылған жағдайларда кадр резервінен шығарылады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Кадр резервіне қойылып, бірақ кадр резервінде болған кезеңде олар үшін жоспарланған лауазымға тағайындалмаған қызметкерлер кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан қойылуы мүмкін.

8. Арнаулы мемлекеттік органның кадр бөлімшелері кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерін жүргізеді.

9. Кадр резервін қалыптастыру және олармен жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10. Арнаулы мемлекеттік органның бос басшы лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резерві қалыптастырылады.

Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резерві - арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ерекше іріктеу тәртібінен өткен қызметкерлер тізімі.

Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резервін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

 

5-тарау. ДЕМАЛЫСТАР

 

38-бап. Демалыс түрлері

1. Қызметкерлер үшін демалыстардың мынадай түрлері белгіленедi:

1) жыл сайынғы;

2) қысқа мерзiмдi;

3) жүктiлiгi және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыстар;

4) қосымша;

5) каникулдық;

6) оқу;

7) ауруы бойынша;

8) бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған айлықақысы сақталмайтын демалыс.

 

39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі

1. Демалыстар уәкілетті басшының бұйрығы негiзiнде берiледi.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады, бұл ретте Қазақстан Республикасы шегінде демалысты өткізу орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты есептемегенде, жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы демалыс берілетін жылы (алдыңғы жылдағы жыл сайынғы демалыс күндері есепке алынбай) алпыс тәуліктен аспауға тиіс.

3. Осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыстардың барлық түрлерiнде болған кезеңде қызметкерлердің ақшалай үлесi және өзге де қосымша төлемдерi сақталады.

 

40-бап. Жыл сайынғы демалыс

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жыл сайынғы негізгі демалыстар қызметкерлерге оларды пайдалану кезеңдері, сондай-ақ бөлімшені жауынгерлік əзірлікте ұстау ескеріле отырып жəне уəкілетті басшы бекіткен жəне барлық қызметкердің назарына жеткізілген демалыстар графигіне сəйкес жылдың кез келген мезгілінде беріледі. Демалыстар графигі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санаттары ескеріле отырып, əрбір күнтізбелік жылға жасалады жəне барлық қызметкердің назарына жеткізіледі.

Демалыс уақытында, бөлімшенің толық таралуын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның бастамасы бойынша қызметкерді ауыстыруға, жұмыстан шығаруға жол берілмейді.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Еңбек сіңірген жылдарын ескере отырып, қызметкерлерге (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) берілетін жыл сайынғы демалыстардың ұзақтығы:

қызметте еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік он жылға дейінгілерге - отыз тәулік;

күнтізбелік он жылдан он бес жылға дейінгілерге - отыз бес тәулік;

күнтізбелік он бес жылдан жиырма жылға дейінгілерге - қырық тәулік;

күнтізбелік жиырма жыл және одан көптерге - қырық бес тәулік;

ұшу жұмыстарындағы қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан - қырық бес тәулік;

тізбесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейтін жергілікті жерлерде қызмет өткеретін қызметкерлерге - жыл сайынғы демалысына қосымша он тәулік болып белгіленеді.

3. Қызмет мүдделерін және қызметкерлердің тілектерін ескере отырып, демалыс екі бөлікке бөлінуі мүмкін.

4. Қызметкердің қызметке тұрған жылдағы және қызметтен шығарылған жылдағы жыл сайынғы демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы демалыс ұзақтығын он екіге бөліп, алынған тәулік санын қызметке тұрған немесе шығарылған жылдағы қызметтің толық айларының санына көбейту арқылы есептеледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Толық емес тəуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны қызметтен шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған уақытына есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын (келісімшарт мерзімі өткенге дейін) қызметтен шығару кезінде, егер демалыстар графигіне сəйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тəртіппен есептеледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс көрсетілген оқу орнын бітіргеннен кейін беріледі.

7. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қызметкерлердің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы демалысты өткізу орнына барып қайту жолы үшін қажет уақытты ескере отырып, тәулік санына ұлғайтылады.

9. Қызметкердің баянаты және уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерге жыл сайынғы және қосымша демалыстар олардың арасын үзбей жалғастырылып беруге жол беріледі.

10. Өткен жылдың жыл сайынғы және (немесе) қосымша демалыстарын қызметкер дәлелді себептермен толық пайдаланбаған жағдайда, демалыстың пайдаланылмаған күндері оның өтініші бойынша келесі жылы беріледі.

11. Жыл сайынғы немесе қосымша демалыс уақытында (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімінен шығара отырып, қызметтен шығарылатын жылдан басқа) ауырып қалған қызметкерлерге, отбасы жағдайлары бойынша демалысты қоспағанда, ауырған күндерінің санына сәйкес жыл сайынғы немесе қосымша демалыс уақыты ұзартылады. Бұл жағдайда демалысты ұзартуды уәкілетті басшы емдеу-сауықтыру мекемесінің анықтамасы негізінде жүзеге асырады.