3) теріс себептермен шығарылған қызметкерлер жергілікті әскери басқару органдарына запасқа қойылады.
4) 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Запаста болудың шекті жасы
1. Қызметкерлердің (офицерлік құрамдағы) запаста болуының шекті жасы ерлер үшін толық алпыс жасты, ал әйелдер үшін - толық қырық бес жасты құрайды.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Запаста болудың шекті жасына жеткен қызметкерлер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар отставкаға шығарылады.
3. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президенті запаста болудың шекті жасын ұзартуы мүмкін.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерін есепке алуды ұйымдастыру және қызметкерлердің запаста болу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
54-бап. Қызметін қалпына келтіру
1. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерлерді (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызметтен заңсыз шығарған жағдайда, осыған байланысты келтірілген залал толық көлемде арнаулы мемлекеттік органдар есебінен өтелуге жатады.
Қызметтен негізсіз шығарылған қызметкерлер бұрынғы лауазымына (ал оның келісімімен - соған тең немесе төмен тұрған) қайта тағайындалады және заңсыз шығарылғаннан кейін алынбаған үлесінің барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Бұл кезең еңбек сіңірген жылдарына және кезекті арнаулы атақты беру үшін еңбек сіңірген мерзімге қосылады.
7-тарау. АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК
55-бап. Аттестаттау, оның мақсаты мен міндеттері
1. Аттестаттау - қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін анықтау бойынша мерзімді жүзеге асырылатын рәсім, ол аттестаттау парағына енгізілетін бағалау материалдарының жиынтығы негізінде жүргізіледі.
2. Аттестаттау мақсаты - қызметтік әрекетті, кәсіби біліктілікті жан-жақты және объективті бағалау, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін ұтымды пайдалану және дамыту.
1) әрбір қызметкердің кәсіби, іскерлік қасиеттеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты және объективті сипаттама алу;
2) қызметкерлердің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін және оларды одан әрі қызметте пайдалану перспективасын анықтау;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жетілдіру бағытын анықтау;
4) кадр резервін қалыптастыру және дамыту;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) қызметкерлерге орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар əзірлеу.
56-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметкерлер әр келесі үш жыл өткен соң аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап, алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымдарға тағайындау кезінде, егер бұл лауазымдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.
Қызметкерді кадр резервіне қою туралы, сондай-ақ қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу үшін аттестаттау осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптар ескерілмей өткізіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары аттестатталуға жатпайды.
Жүктілігі мен босануына байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болу, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алу кезеңінде қызметкерлер аттестатталуға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.
Кемінде күнтізбелік жиырма жыл үздіксіз еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлер аттестациялық тестілеуге жатпайды.
3. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Аттестаттау қатарынан келетін бірнеше кезеңді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне тестілеу және психологиялық-әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
Қызметкер оны төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу үшін аттестаттауды өткізу кезінде тестілеуге жатпайды;
3) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Арнаулы мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қызметкерлерді аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 56-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56-1-бап. Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау
Кезектен тыс аттестаттау Қазақстан Республикасы Президентінің аттестаттау тәртібін, кезеңдерін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын шешімі бойынша өткізіледі.
57-бап. Аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар
1. Қызметкерлерді аттестаттауға байланысты іс-шараларды тікелей жүргізу кадр бөлімшелеріне жүктеледі.
2. Кадр бөлімшесі әр жылдың аяғында келесі жылға қызметкерлерді аттестаттаудың жоспар-кестесін дайындайды.
3. Уәкілетті басшы кадр бөлімшесінің ұсынуы бойынша қызметкерлерді аттестаттаудың жоспар-кестесін бекітеді.
4. Кадр бөлімшесі қызметкерлерді аттестаттаудан өткізудің мерзімдері туралы оны жүргізу басталғанға дейін бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Аттестатталушының тікелей басшысы аттестатталатын қызметкердің кəсіби, іскерлік жəне жеке басының қасиеттерін жан-жақты зерделеп, атқарып отырған лауазымы бойынша жұмысының нақты көрсеткіштерін объективті түрде талдап жəне бағалап, оған мінездеме беруге жəне аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымдар мен ұсынымдар жасауға міндетті.
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер аттестаттау комиссиясына аттестатталатын қызметкердің денсаулық жағдайы туралы жыл сайынғы диспансеризацияның нәтижелері бойынша мәлімет береді.
6. Аттесталатын қызметкер компьютерлік тестілеуден өтеді, оның нақты күні туралы кем дегенде 7 жұмыс күні бұрын ескертіледі. Психолог-маман психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер кешенін жүргізеді және нәтижелері бойынша атқарып отырған лауазымына жеке, іскерлік қасиетінің және кәсіби құзыретінің сәйкес келуі туралы қорытынды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкерге аттестаттаудан кейінгі кезеңге ұсынымдар шығарады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Аттестаттау қорытындысы бойынша тұжырымда аттестатталушы атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді деп көрсетіледі, содан кейін іскерлік қасиеттерін, жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ қызмет мүдделерін негізге ала отырып, оны одан әрі қызметте орынды пайдалану туралы пікір жазылады.
Бұл ретте мынадай:
жаңа келісімшарт, оның ішінде қызметте болудың шекті жасына жеткен қызметкермен келісімшарт жасасудың орындылығы туралы;
жоғары лауазымға ұсыну туралы;
әскери, арнаулы оқу орнына не шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға немесе кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру курстарына жіберу туралы;
ауыстыру себебін көрсете отырып, тең лауазымға ауыстыру туралы;
себептерін көрсете отырып, қызметкерді атқарып отырған лауазымынан төмен тұрған лауазымға ауыстыру туралы;
қызметтен шығару туралы ұсынымдар берілуі мүмкін.
Біреуден көп ұсынымды айқындау кезінде олардың мазмұны бір-біріне қайшы келмеуі тиіс.
Қажет болған жағдайда арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы өзгедей тұжырыммен айқындауға немесе қызметкерді аттестаттау кезіндегі ұсынымдар тізбесін толықтыруға құқылы.
8. Атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеуі туралы тұжырымды айқындау үшін:
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) лауазымдық міндеттерін атқармаудың немесе тиісінше атқармаудың нақты фактілері көрсетілетін, аттестатталушы қызметкердің тікелей басшысы немесе арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлеген, аттестаттау бойынша алдын ала тұжырым мен ұсынымдары бар қызметтік мінездеме;
2) арнаулы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекті мәннен төмен қайта аттестаттық тестілеудің нәтижесі (нәтижелері);
3) арнаулы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кәсіби жарамдылықты анықтау бойынша нормативтердің орындалмауы;
4) жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері бойынша маман-психологтың қорытындысы;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы) негіз болады.
6) 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жасалған аттестаттау материалы аттестаттау комиссиясының қарауына жатады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Дəлелсіз себеппен аттестаттау комиссиясының отырысына екі рет келмеген қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
11. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-бап. Аттестаттау комиссиясы
1. Аттестаттау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Жоғары аттестаттау комиссиясы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен құрылады. Арнаулы мемлекеттік органның бөлімшелерінде (органдарында) аттестаттау комиссиялары уәкілетті басшының бұйрығымен құрылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлерге қарағанда тең немесе жоғары тұрған лауазымды атқаруға тиіс. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда отырыс өткізілмейді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғары аттестаттау комиссиясының төрағасы болып арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бірінші орынбасары немесе орынбасары тағайындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Аттестаттау комиссиясының құрамына - органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жəне өзге де қызметкерлер, ал Жоғары аттестаттау комиссиясына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарлары жəне басқа да лауазымды адамдар енгізіледі. Аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы жалпы негіздерде аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау комиссиясының аттестаттауға жататын мүшелері өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
5. Кадр бөлімшесінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдар мен ұсынымдарды (материалдарды) қараған кезде түсінік алу үшін аттестатталатын қызметкерлерді де және олардың тікелей басшыларын да, сондай-ақ аттестатталушы қызметкердің қызметіне және алдын ала жасалған тұжырымдар мен ұсынымдарға тікелей қатысы бар басшыларды (қызметкерлерді) шақыруға құқығы бар.
Аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша аттестатталушы қызметкер әскери-дәрігерлік комиссияға жіберілуі мүмкін.
7. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
8. Аттестаттау комиссиясының түпкілікті тұжырымдары мен ұсынымдары дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен оларға көпшілік дауыс берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып саналады.
9. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары бес жұмыс күнінің ішінде хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
10. Кадр бөлімшесі қызметкердің аттестаттау парағына қабылданған тұжырымдар мен ұсынымдарды енгізеді, ол бекітілгеннен кейін мұнымен қызметкер он жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей қол қоя отырып, таныстырылады.
Объективті себептер бойынша қызметкерді бекітілген аттестаттау парағымен таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, таныстыру қызметке келген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
11. Аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы жеке істе сақталады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары
1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын уəкілетті басшы бекітеді.
Жоғары аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
2. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары қызметкерді кадр резервіне қабылдауға, тең лауазымға тағайындауға, қызметкердің лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіздер болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау
1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына қызметкер танысқан күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей уəкілетті басшының немесе арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының алдында шағым жасай алады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уəкілетті басшы немесе арнаулы мемлекеттік органның басшысы қызметкерді аттестаттаудан өткізу тəртібінің бұзылғаны туралы анық мəліметтерді алған жағдайда, өткізілген аттестаттау нəтижелерінің күшін жояды жəне оны қайтадан өткізуді тағайындайды.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-бап. Сыныптық біліктілік
Әрбір қызметкердің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру мақсатында сыныптық біліктілік беру, оны көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу рәсімі арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
8-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП
62-бап. Қызметтік тәртіп
1. Қызметтік тәртіп - бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен қағидаларды қатаң және дәл сақтау.
Қызметтік тәртіп әрбір қызметкердің қызметтік борышын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жеке жауапкершілігін сезінуіне негізделеді.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Басшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті күнделікті сақтауға міндетті.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кадр құрамымен тәрбие және идеология жұмысын ұйымдастырумен;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әрбір қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға деген жеке жауаптылығымен;
3) бөлімшеде күн тәртібін және қызмет уақытының регламентін сақтаумен;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) басшылардың жеке үлгі көрсетуімен және бағынысты қызметкерлерге қызметтік міндеттерін тиісінше атқаруы туралы күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын бақылаумен, қызметкерлердің құқықтары мен жеке қадір-қасиетін құрметтеумен, оларға қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестіру және дұрыс қолданумен;
5) бөлімшеде қызмет өткеру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар, қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де жағдайлар жасаумен қол жеткізіледі.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы - қызметкерлер тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты болатын заңдық жауаптылық түрі.
5. Қызметкерлерді тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру әдісі болып табылады.
6. Қызметтік тәртіптің жай-күйіне арнаулы мемлекеттік органдардың басшылары жауап береді. Олар бағынысты қызметкерлерден оның сақталуын талап етуге, лайықтыларды көтермелеуге, тәртіп бұзушыларды әділ жазалауға міндетті.
7. Қызметтік тәртіпті және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеген, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған, оларды жасыруға жол берген басшы бұл үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Қызметтік тәртіпті сақтау бойынша басшылардың лауазымдық міндеттерін, оларға сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті нығайту мен сақтау бойынша бағалаудың негізгі өлшемдерін тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Қызметкерлердің арнаулы мемлекеттік органдардың орналасқан жерінен тысқары жерлерде, қызметтен тыс уақытта жасаған және қызметтік әрекетпен немесе қызмет мүдделерімен байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылықтары мен теріс қылықтары үшін басшы тәртіптік жауаптылықта болмайды.
10. Әрбір қызметкер басшыға бөлімшеде тәртіп орнатуға және қызметтік тәртіпті сақтауға жәрдемдесуге міндетті. Басшыға жәрдемдесуден бас тартқаны үшін қызметкер жауапкершілікте болады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Басшының бұйрық немесе өкім беру құқығы мен бағынысындағының оған мүлтіксіз бағыну міндеті дара басшылықтың негізгі қағидаттары болып табылады.
1. Көтермелеу - қызметкерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылатын оның қызметтік әрекетіне берілген оң баға.
2. Көтермелеу қызметтік міндеттерін адал және ынтамен атқаратын және қызметтік борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге қатысты қолданылады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Басшы осы Заңда өзіне берілген құқықтар шегінде бағынысты қызметкерлерді қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметтік әрекетте қол жеткізген жетістіктері үшін көтермелеуге міндетті.
Басшы өзіне берілген құқықтарды жеткіліксіз деп санаған жағдайда, ол ерекше көзге түскен қызметкерлерді жоғары тұрған басшының құқығымен көтермелеу туралы өтініш жасауы мүмкін.
4. Ерекше көзге түскен қызметкерлер ерліктері мен мемлекет алдында сіңірген еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актісі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде атаулы қарумен марапатталуы мүмкін.
5. Ерекше сіңірген еңбектері үшін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталуға ұсынылуы мүмкін.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қызметкерлерге сонымен қатар мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
1) бұрын қолданылған жазаны алып тастау;
2) әскери, арнаулы оқу орнының орналасқан жерінен кезектен тыс босату (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары үшін);
4) ақшалай сыйлықақымен марапаттау;
5) бағалы сыйлықпен марапаттау;
7) ведомстволық медальдармен, төсбелгімен және арнайы белгілермен марапаттау;
9) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшесінің Құрмет кітабына енгізу;
10) әскери, арнаулы оқу орнын алтын медальмен аяқтаған әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының тегін Құрмет тақтасына жазу, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орнын оқуда ең үздік көрсеткіштермен аяқтағандар арасынан көтермелеу ретінде бірінші, екінші, үшінші курсанттарды, тыңдаушыларды анықтау;
11) кезекті арнаулы атағын мерзімінен бұрын беру;
12) кезекті арнаулы атағын атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары беру.
Осы тармақта көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
7. Көтермелеу түрін айқындаған кезде қызметкердің сіңірген еңбегінің немесе ерекшелігінің сипаты, сондай-ақ оның қызметке деген бұрынғы ынтасы назарға алынады.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бір мезгілде қолданылуы мүмкін грамотамен және ақшалай сыйлықақымен марапаттау түріндегі көтермелеуін қоспағанда, қызметкерге дәл сол бір ерекшелігі үшін бір ғана көтермелеу жариялануы мүмкін.
9. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Көтермелеу түрінде бір уақытта тек бір тәртіптік жаза алынып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен көтермелеулердің басқа түрлері қолданылмайды.
11. Басшының және уәкілетті басшының тәртіптік жазаны, егер ол өзінің тәрбиелік рөлін атқарса, қызметкер жаңадан теріс қылық жасамаса және өз тәртібін қызметтік борышын адал орындаумен түзесе, алты ай өткенге дейін алып тастауға құқығы бар.
12. Көтермелеулер сап алдында немесе қызметкерлер кеңесінде жарияланады.
Көтермелеулер туралы бұйрықтарды жариялау, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.
64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) - қызметкердің өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен атқармауы немесе тиісінше атқармауы және (немесе) қызметтік тәртіпті бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Елеулі емес теріс қылық жасаған қызметкерге басшының қызметтік тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасаумен шектелуге құқығы бар.