(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН...

Предыдущая страница

Жазбаша ескертуді лауазымды адам тиісті басшының тапсырмасымен жасайды.

Жазбаша ескерту қызметкерге қол қойғыза отырып, жеткізіледі, тіркеледі және қызметкердің жеке ісіне қосу үшін кадр бөлімшесіне беріледі. Алты ай өткеннен кейін ол алынады және оны кадр бөлімшесі белгіленген тәртіппен жояды.

Жазбаша ескерту жаза болып саналмайды.

3. Алдын алу мақсатында қызметкерлердің теріс қылықтары басшының шешімі бойынша:

1) қатардағы қызметкерлер үшін - жеке құрамның жиналыстарында;

2) сержанттар үшін - сержанттар құрамының жиналыстарында;

3) офицерлер үшін - офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

4. Аға офицерлер құрамындағы офицерлердің теріс қылықтары тек аға және жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің жиналыстарында, жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің теріс қылықтары тек жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Кейінге қалдыруды күттірмейтін ерекше жағдайларда қызметкер оның жауаптылығы туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін.

Қызметкерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не қызметкердің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақытылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Бұл ретте қызметкерді лауазымнан шеттеткен уәкілетті басшылар оның шеттетілген лауазыммен байланысты емес лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді.

6. Қызметкерді лауазымынан оны лауазымға тағайындау құқығы берілген басшы шеттетеді.

Бағынысты қызметкерді лауазымынан шеттеткен басшы лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға міндетті.

Бағынысты қызметкерді оған жеткілікті негізсіз лауазымынан шеттеткен басшы ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

7. Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - қызметкерге уәкілетті басшы қолданатын тәртіптік ықпал ету шарасы;

8. Қызметкерлерге қатысты мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) арнаулы атағын бір сатыға төмендету;

6) теріс себептер бойынша қызметтен шығару.

9. Әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына қатысты мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:

1) ескерту;

2) кезектен тыс нарядқа қою (бөлімшені күзетуді қамтамасыз ету бойынша нарядқа қоюды қоспағанда);

3) әскери, арнаулы оқу орнының орналасқан жерінен кезекті шығуынан айыру;

4) сөгіс;

5) қатаң сөгіс;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) теріс себептермен қызметтен шығару.

10. Теріс қылық жасаған қызметкерге осы Заңда белгіленген жазалар ғана қолданылуы мүмкін.

11. Қызметкерлердің топ болып жасаған теріс қылығы кезінде жазалар әрбір кінәліге оның жауаптылық шамаларына қарай жеке қолданылады.

12. Дәл сол теріс қылығы үшін бірнеше жаза қолдануға немесе бір жазаны басқасымен біріктіруге, тікелей кінәлілерді жазалаудың орнына бөлімшенің барлық жеке құрамына жаза қолдануға тыйым салынады.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13. Жаза қолдану теріс қылық жасаған қызметкерді оны атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін жаза қолданылған қызметтік міндеттерді атқарудан босатпайды.

14. Егер уәкілетті басшы бағынысындағы адам жасаған теріс қылықтың ауырлығына қарай, өзіне берілген тәртіптік құқықтар жеткіліксіз деп санаса, ол жоғары тұрған басшының құқығымен кінәліге жаза қолдану туралы өтініш жасайды.

15. Жоғары тұрған басшының бағынысындағы басшы қолданған тәртіптік жазаны қатаңдық себебі бойынша алып тастауға немесе төмендетуге, егер соңғысы оған берілген өкілеттікті асыра пайдаланбаса, құқығы жоқ.

16. Жоғары тұрған басшы осы жаза, жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес емес деп тапса, бағынысындағы басшының қолданған тәртіптік жазасын алып тастауға және неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар.

Жаза заңсыз қолданылған жағдайда, ол жоғары тұрған басшының құқығымен алынып тасталуы мүмкін.

Заңсыз жаза қолданған басшы ол үшін жауапты болады.

17. Қызметкерге жаза қолдану оны заңмен көзделген жауаптылықтың басқа да түрлерінен босатпайды.

18. Қызметкерлерге қолданылатын жазалар олар жасаған теріс қылықтың ауырлығына және олардың кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.

Егер кінәлі теріс қылықты бірнеше рет жасаған немесе топ болып тәртіп бұзуға қатысқан болса, егер теріс қылық кезекшілік, наряд уақытында және қызметтік міндеттерді атқару кезінде немесе алкогольдiк, есiрткiлiк, психотроптық, уыттық (оларға ұқсас) мас күйде жасалған болса, жазаның қатаңдығы арттырылады.

19. Тәуліктік наряд құрамына кіретін (кезекшілік өткеретін) қызметкерге қызмет өткеру уақытында оның жасаған теріс қылықтары үшін жаза қолдану нарядтан ауысқаннан немесе оны басқа қызметкермен ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.

20. Қызметкерге жаза қолдану кезінде оның жеке ар-намысын кемсітуге, оған дене азабы мен моральдық азап келтіруге және дөрекілік көрсетуге жол берілмейді.

 

65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметтік тергеп-тексеру - мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында теріс қылық, оқиға, сондай-ақ құқық бұзушылық белгілері бар жайт туралы материалдар мен мәліметтерді жинау, тексеру және зерттеу жөніндегі қызмет.

2. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметтік тексеру жүргізу үшін:

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) баянаттар, жолданымдар мен хаттар;

2) құқық бұзушылықтар мен оқиғалар фактілері;

3) тексерістер қорытындылары;

4) бөлімшенің оқу, жедел және қызметтік іс-қимылын тексеру нәтижелері;

5) алдын ала анықтау, тергеу және сот органдарының хабарламалары;

6) лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары;

7) қызметкерді Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негіз болуы мүмкін.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті басшының бұйрығымен тағайындалады және оны уәкілетті лауазымды адам он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.

Бұйрық болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге жол берілмейді.

Қызметтік тергеп-тексеру мерзімі қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшының бұйрығымен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Қызметтік тергеп-тексеру мерзімінің есептелуі оның тағайындалған күнінен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қызметкер теріс қылық жасаған кезде одан міндетті түрде жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер түсініктемесінде қызметкер өзінің теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу не оқиға болған жерге барып тексеру қажет болмаса, онда уәкілетті басшы, қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту, арнаулы атақты бір сатыға төмендету және теріс себептер бойынша қызметтен шығару түріндегі жазаларды қоспағанда, қызметтiк тексеру жүргiзбей-ақ тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, уәкілетті басшы теріс қылық анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Заңда айқындалған тәртіппен қызметтік тексеруді тағайындауы тиіс.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Уәкілетті басшы қызметтік тексеру жүргізу үшін лауазымдық қызметі бойынша теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына тең немесе одан жоғары уәкілетті лауазымды тұлғаны тағайындайды.

Теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына атқаратын лауазымы бойынша тең немесе жоғары болатын уәкілетті лауазымды адамды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда теріс қылық жасаған қызметкердің атағына тең немесе одан жоғары болатын, басшы құрамнан адамды тағайындауға рұқсат етіледі.

Қажет болған жағдайларда уәкілетті басшы уәкілетті лауазымды адамды және мамандарды қызметтік тергеп-тексеру жүргізу уақытына олардың лауазымдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі.

Қажет болған жағдайларда басшы уәкілетті лауазымды тұлғаны қызметтік тексеру жүргізу уақытына оның функционалдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қызметтiк тексеру жүргiзуге оның нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған уәкілетті басшыға, өзiн осы тексеру жүргiзуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгiнуге мiндеттi. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда қызметтiк тексеру нәтижелерi жарамсыз деп есептеледi.

8. Қызметкер тек өзіне қатысты кінәсі анықталған теріс қылық үшін ғана тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

9. Қасақана немесе абайсызда құқыққа қарсы әрекет жасаған (әрекетсіздік танытқан) қызметкер теріс қылық жасағаны үшін кінәлі болып танылады.

10. Егер, оны жасаған қызметкер өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын ұғынып, оның зиянды салдарының болуын болжап білсе және осы салдардың болуын тілесе немесе саналы түрде жол берсе не болмаса оларға немқұрайлы қараса, теріс қылық қасақана жасалған болып табылады.

11. Егер теріс қылық жасаған қызметкер өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарларының болу мүмкіндігін болжап білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негiздерсiз жеңiлтектiкпен болдырмау мүмкіндігіне сенсе не қажетті ұқыптылық пен сақтық кезiнде оларды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра, осындай салдарлардың болу мүмкiндiгiн болжап бiлмесе, ол абайсызда жасалған болып танылады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Қызметтiк тергеп-тексеру мынадай:

1) қызметкер қызмет орнын өз бетiмен тастап кеткен;

2) қызметкер демалыста, қызметтiк iссапарда болған;

3) қызметкердің ауырғаны заңда белгiленген тәртiппен расталған;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, ұзақ уақытты талап ететін сараптамалар (зерттеулер) жүргізілген;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) қызметтiк тексеруге кедергi жасайтын басқа да жағдайларда уәкілетті басшының бұйрығымен тоқтатыла тұруы мүмкiн.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13. Қызметтiк тексеру, егер оны тоқтата тұру үшін негіздер болмаса, уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтiрiледi.

14. Қызметтiк тексеру барысында:

1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты, оның жасалған уақыты, орны, тәсiлi және басқа да мән-жайлар;

2) терiс қылық салдарының болуы мен сипаты;

3) келтiрiлген зиянның мөлшерi;

4) терiс қылық жасаған тұлға;

5) қызметкердің жауаптылығын болдырмайтын, жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар;

6) терiс қылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар;

7) терiс қылық жасаған қызметкердің жеке басын сипаттайтын деректер;

8) қызметкердің терiс қылық жасаудағы кiнәсi, терiс қылық жасау ниетiнiң немесе абайсыздықтың болуы және дәлелдерi;

9) қызметкерді жауаптылыққа тарту туралы шешiм қабылдау үшiн маңызы бар басқа да мән-жайлар анықталады.

15. Мыналар:

1) терiс қылық жасаған қызметкердің өкiнуi;

2) қызметкердің өзiнiң терiс қылық жасағаны туралы басшыларға өз еркiмен хабарлауы;

3) терiс қылық жасаған қызметкердің терiс қылықтың зиянды салдарын болдырмауы, келтiрiлген зиянды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;

4) ауыр жеке немесе отбасы жағдайларының қалыптасуы кезiнде терiс қылық жасау;

5) мәжбүрлеу нәтижесiнде терiс қылық жасау;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзған, қажетті қорғану жағдайында, құқыққа қарсы озбырлық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезiнде терiс қылық жасау тәртiптiк жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып табылады.

Қызметкерге жаза қолданатын басшы өзге де мән-жайларды жеңiл деп тануы мүмкiн.

16. Мыналар:

1) басшының оны тоқтату туралы талабына қарамастан, құқыққа қарсы әрекеттi (әрекетсiздiктi) жалғастыру;

2) егер бiрiншi терiс қылық үшiн қызметкерге жаза қолданылған болса және ол белгiленген тәртiппен алынбаса, осындай терiс қылықты қайтадан жасау;

3) терiс қылықты топ болып жасау;

4) бағынысындағы қызметкерді терiс қылық жасауға тарту;

5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе қастандық себебі бойынша терiс қылық жасау;

6) басқа тұлғалардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа терiс қылықты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында терiс қылық жасау;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) олардың қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты лауазымды тұлғаларға немесе оның жақындарына ықпал ету жолымен терiс қылық жасау;

8) кезекшiлiкте, тәуліктік нарядтағы қызметте, арнаулы мiндеттердi орындау кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде терiс қылық жасау;

9) алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан (оларға ұқсас) мас күйінде терiс қылық жасау тәртiптiк жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Осы Заңда аталмаған басқа мән-жайлар тәртiптiк жауаптылықты ауырлататын болып танылмайды.

17. Қызметтiк тексеру барысында оны жүргiзу тапсырылған уәкілетті лауазымды адамның:

1) тәртіптік жазаға тартылған қызметкерден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алуға;

2) қызметкердің теріс қылық жасағандығын растайтын материалдарды жинақтауға;

3) тиісті құжаттармен танысу, қажет болған жағдайда олардың көшірмесін қызметтік тексеру материалдарына қосуға;

4) арнайы білімді қажет ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытынды, түсіндірме және консультациялар алуға;

5) теріс қылық жасалған жерге баруға құқығы бар.

18. Қызметкерлер қызметтік тексеруді жүргізуге тағайындалған уәкілетті лауазымды тұлғаға көмек көрсетуге міндетті және берілген мәліметтердің растығына дербес жауапты болады.

19. Қызметкердің теріс қылық жасағандығы туралы фактіні растайтын немесе теріске шығаратын мәліметтер кез келген нысанда болуы мүмкін.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 20-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20. Егер қызметтік тексеру барысында қызметкердің теріс қылықтарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігі анықталса, басшы дереу жоғары тұрған басшыға баяндайды.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 21-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21. Қызметтік тергеп-тексеру аяқталған соң оның нәтижелері туралы тұжырымдары мен ұсыныстары бар қорытынды жасалады, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшыға бекітуге ұсынылады.

Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды бекітілгеннен кейін уәкілетті лауазымды адам оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді - қорытындымен, сондай-ақ қызметкердің талап етуі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен қолын қойғыза отырып таныстыруға міндетті.

Қызметкер қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындымен танысудан бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың шығарылуын тоқтата тұрмайды.

Жоғары офицерлік құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары, сондай-ақ арнаулы атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану мәселесін қарау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының Президентіне жіберіледі.

22. Өзiне қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлген қызметкер:

1) жүргiзiлетiн қызметтiк тексерудiң мәнi бойынша жазбаша түсiнiктеме беруге;

2) өтiнiш айтуға, айғақтар және өзге де құжаттар ұсынуға;

3) қызметтiк тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған арнаулы мемлекеттік орган басшысына немесе уәкiлеттi басшыға қызметтiк тексеру жүргiзетiн қызметкерлердiң шешiмдерiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен, егер бұл мемлекеттiк құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, танысуға құқылы.

23. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 24-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24. Қызметтік тексеру жүргізілетін қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тексеруді жүргізуді тоқтатпайды.

 

66-бап. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

67-бап. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

68-бап. Жаза қолдану тәртібі

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Уәкілетті басшы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындының негізінде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиісті шешім қабылдайды. Бұл ретте қызметтік тергеп-тексеру материалдары уәкілетті басшыға оның талап етуі бойынша ұсынылады.

2. Қызметтiк тексерудiң нәтижелерi бойынша уәкілетті басшы қызметтік тексеру жүргізуге тағайындалған лауазымды уәкілетті тұлға дайындауға жауапты болып саналатын бұйрық шығару жолымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға мiндеттi.

3. Терiс қылық жасаған қызметкерге тәртiптiк жаза қолдану (кейiнге қалдыруды күтпейтiн жағдайларды қоспағанда) қызметтік тәртiптi бұзудың мән-жайын жақсы анықтау үшiн терiс қылық анықталған сәттен бастап, кемiнде үш тәулiк өткеннен кейiн жүргiзiледi.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей және оның жасалған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданылады.

Уәкілетті басшыға теріс қылықтың жасалғаны туралы белгілі болған күн теріс қылық анықталған күн болып есептеледі.

Қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде жаза қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

Жаза қолдану мерзімінің өтуі мынадай:

1) қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;

2) қызметкер еңбек демалысында немесе іссапарда болған;

3) қызметкер даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған;

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қызметкер өзінің теріс қылық жасағаны туралы актілерге сот тәртібімен шағым жасаған;

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) арнаулы атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселені қарау үшін жоғары офицерлік құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Қызметтегi, кəсіби-қызметтік даярлықты жəне тəрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтары үшiн арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітіргеннен кейiн қызмет өткеру үшiн келген қызметкерлерге тəртiптiк жауаптылық шараларын лауазымға кiрiскеннен кейiн кемiнде алты ай өткен соң қолдануға рұқсат етіледі.

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Бiр-бiрiне бағынысты емес қызметкерлер жеке мiндеттердi бiрлесiп атқарған кезде, олардың қызметтiк өзара қарым-қатынастары уәкілетті басшымен айқындалмаған жағдайда олардың лауазымы бойынша үлкенi, ал тең лауазымдар кезiнде әскери атағы бойынша үлкенi басшы болып табылады және оған атқарып отырған лауазымы бойынша берiлген тәртiптiк құқықтарды пайдаланады.

 

69-бап. Жазаларды жариялау тәртiбi

1. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тәртіптік жаза қолданғаны туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қол қоюы арқылы тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге жарияланады.

3. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тарту арнаулы мемлекеттік органның кадр бөлімшелері дайындайтын және қызметтік тексеру материалдарына тігілетін актімен ресімделеді.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қолданылған жаза туралы аға офицерлерге жариялау кезінде - тек олардың басшылары, сондай-ақ аға және жоғары офицерлер, жоғары офицерлерге жариялау кезінде олардың басшылары және жоғары офицерлер қатыса алады.

5. Уәкілетті басшыларға және олардың орынбасарларына бағынысындағы адамдардың қатысуымен тәртiптiк жаза жариялауға тыйым салынады.

6. Жазаны жариялаған кезде қызметкерге жазаға әкеп соқтырған себеп және құқық бұзушылықтың мәнi көрсетiледi.