Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2022.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы:
жеке тұлға - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;