Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/176 қаулысына
1-қосымша
Тереңдете өңдеп өнім түрлерін өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
| Ауылшаруашылық өнімнің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Субсидия нормативі, теңге/килограмм |
| Шикі сүт | сары май | 37,4 |