Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығы
(2015.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 88-V Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.28.12. № 1046 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;