Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11/56-VІ «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 12/73-VI шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 10/102-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №8/74-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3958 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11/56-VІ «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3943 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда «Түркістан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 30 291 165 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 2 114 846 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 27 391 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 72 439 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 28 076 489 мың теңге;
2) шығындар - 30 618 192 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 19 878 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 27 228 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 350 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;