Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 98340696400 (тоқсан сегіз миллиард үш жүз қырық миллион алты жүз тоқсан алты мың төрт жүз) теңге көлемінде «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы учаскесіндегі «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қаржы министрліктеріне жобаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 1 тармағында аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерінің қабылдануы мен орындалуын есепке алуды жүзеге асырсын.