Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 323 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғынжайға мұқта адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларында:
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, жергілікті және басқа да соттар судьяларының тұрғын үйді беруі мен пайдалануы тиісті конституциялық заңдар тәртібімен және шарттарымен қамтамасыз етіледі.».
2. «Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: