«Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 593 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14319 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қөрсетілген бұйрықпен бекітілген Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдері және оның нысанында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі - уәкілетті орган) бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары - жылына кемінде бір рет есеп ұсынады.».
Мындай мазмұндағы 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«14. Есеп уәкілетті органға түскен кезде, уәкілетті орган қызметкері есептің электронды нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізеді.
15. Есептің электронды нұсқасы Республикалық деректер банкіне енгізілгеннен кейін есеп бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша органға жіберіледі.»;