«Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 502 шешімі

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 502 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 3 және 4-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1-тармақта:

1) тармақшада:

кірістер -

«222 355 386» сандары «223 174 852,5» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

трансферттер түсімі -

«178 212 292» сандары «179 031 758,5» сандарымен ауыстырылсын:

2) тармақшада:

шығындар -

«226 855 386» сандары «227 687 354,3» сандарымен ауыстырылсын;

3) тармақшада:

таза бюджеттік кредиттеу -

«- 4 292 093» сандары «2 707 904,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде;

бюджеттік кредиттер -

«5 820 897» сандары «12 820 897» сандарымен ауыстырылсын;

бюджеттік кредиттерді өтеу -

«10 112 990» сандары «10 112 992,2» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшада:

бюджет тапшылығы (профициті) -

«- 207 907» сандары «- 7 220 406,6» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақша келесідей мазмұнда жазылсын:

«6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 220 406,6 мың теңге;

қарыздар түсімі - 12 820 897 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 612 992,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 12 501,7 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:

«9-1. Облыстық бюджетте мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2020 жылға арналған несиелік тұрғын үй құрылысына қарыздар түсімі көзделсін.».

Көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.