«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 510 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 510 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19372 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) авиациялық персонал - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдар;

2) авиациялық бөлім - мемлекеттік авиацияның әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыруды және орындауды, оларды пайдалану мен сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының республикалық мемлекеттік мекемесі;

3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер - әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар), өзге де бөлімшелер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.