(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы

№ 200 қаулысымен бекітілген

 


 «Дәрігерді
үйге шақыру»
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб порталы: www.egov.kz  (бұдан әрі портал) арқылы жүгінгенде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

2) www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген жағдайда-көрсетілетін қызмет берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазу (бұдан әрі - журнал) және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап береді;

2) порталға электрондық форматта жүгінген жағдайда- өтініш көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.