Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 491 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 36-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесінің 77-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықтың Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілуін;
2) осы бұйрықтың қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысы Э. Ержановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
20_____ ж. «___» _______
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 491 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған
даму жоспары
1-бөлім. Пайым