«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 174 Қаулысы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 174 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулысымен бекітілген 3-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдгінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы

А. Сматлаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шығыс Қазақстан

облыстық мәслихаты

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2022 жылғы 1 тамыздағы

№ 174 қаулысына

қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы 20 сәуірдегі

№ 118 қаулысына

3-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.