«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ Заңы (2025.28.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

8) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы жағдайында тараптардың өзара келісуі бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың орындалу мерзімі өзгертілген жағдайларда жол беріледі.

 

24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау

1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басым тәртiппен орындалуға мiндеттi. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың көлемдерi мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты өткізуге бөлiнетiн қаржы құралдарымен айқындалады.

2. Ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмайтын жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартта белгiленген шектерде берілетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыратын өз өкілдерін оларға жiберуге құқылы.

Аталған өкілдерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жіберуге құқығы бар.

Аталған өкілдерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.

4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады.

Бұл ретте мемлекеттік материалдық резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген нақты қолда бар материалдық құндылықтардың отыз пайызынан аспауға тиіс.

Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар пайдаланылған күннен бастап он екі ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.

5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша міндеттемелерді қабылдау және төлемдерді жүзеге асыру мемлекеттік құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіліп, қаржыландырудың ерекше тәртібі бойынша жүргізіледі.

 

25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар:

1) штат санының лимиті негізінде және белгіленген тәртіппен бекітілетін нормалар бойынша орталық атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволарын материалдық-техникалық қайта жарақтандыру перспективаларын негізге ала отырып, мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер қажеттілігіне өтінімдер береді;

2) мақұлданған мамандандырылған ғылыми бағыттар шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер береді;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құпияландыруына жататын мәліметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәліметтерінің құпиялылық дәрежесін айқындайды;

4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;

5) сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) әзірлейді және бекітеді;

6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады, сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жібереді;

9) әскери өкілдік болмаған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;

10) әскери өкілдік болған кезде əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын куәліктің негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес атау, номенклатура және жинақталым бойынша əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;

11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

 

26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар:

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;

2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың тактикалық-техникалық тапсырмаларының (техникалық өзіндік ерекшеліктердің, тактикалық-техникалық сипаттамалардың) жобаларын қарайды және әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) ұсыныстарды қалыптастырады;

3) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаларды негіздейді;

4) əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы төлейтін бюджет қаражатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға ғана пайдаланады;

6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырады;

9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, сатып алынған, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленген мерзім ішінде істен шыққан жағдайда, олардың істен шығу себептерін анықтау үшін өз өкілдерін дереу жібереді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.

 

27-бап. Әскери өкілдіктердің міндеттері мен функциялары

1. Әскери өкілдіктер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылады.

Ұйымдарда әскери өкілдікті орналастыру қажеттілігі қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және жаңғырту ерекшеліктері, аспаптар мен жабдықтардың жоғары дәлдігін, арнайы киім-кешек, арнайы мүлік және жеке қорғану құралдары сенімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып, сондай-ақ халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау кезінде айқындалады.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар әскери өкілдіктердің әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

Әскери өкілдіктер осы шарттардың негізінде әскери өкілдіктің бақылауына және қабылдап алуына жататын әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер номенклатурасын әзірлейді, оны мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы бекітеді.

3. Әскери өкілдіктерге:

1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындауға және келісуге қатысу;

2) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жинақталымын, олардың техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін тексеру;

3) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген мерзімдерде қабылдап алу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын куәлікті беру;

4) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің техникалық құжаттамасын, тактикалық-техникалық тапсырмасын (техникалық өзіндік ерекшелігін, тактикалық-техникалық сипаттамаларын) пысықтауды бақылау, олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігін тексеру;

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде бюджет қаражаты есебінен құрылған немесе сатып алынған материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізу;

6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу және өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі ұлттық стандарттарды сақтауын бақылау;

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу, өндіру, жөндеу, жаңғырту, сынау және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және бағалауға қатысуы;

8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес тікелей де, кооперация тәртібімен де әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеуге және өндіруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге жатқызылған іс жүзіндегі шығындарды тексеру және келісу жөніндегі міндеттер жүктеледі.

4. Әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу кезінде әскери өкілдіктер:

1) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), олардың агрегаттарын, тораптары мен бөлшектерін өндіру сапасына және оларға сынақтар жүргізуге, сондай-ақ жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға;

2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасына, сынақтардың жүргізілуіне, сондай-ақ олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға;

3) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізуге қатысуға;

4) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) мерзімдік, біліктілік, үлгілік сынақтар жүргізуге қатысуға және олардың нәтижелері бойынша қорытындылар беруге;

5) өндіру, сынау және пайдалану нәтижелері бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сенімділігіне талдау жүргізуге қатысуға;

6) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сапасы мен сенімділігіне, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың қабылданған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сақтау шарттарын сақтауына және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдердің орындалуын бақылауға;

7) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің метрологиялық қамтамасыз етілуін, әскери мақсаттағы жұмыстардың орындалуын және әскери мақсаттағы қызметтердің көрсетілуін, сондай-ақ ұлттық стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылауға;

8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе тауардың (өнімнің) сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған, оны сынаулардың теріс нәтижелері болған, пайдалану процесінде тауардың (өнімнің) істен шығуын туындатқан ақаулар анықталған кезде, егер бұл ақаулар өндірістегі тауарда да (өнімде де) болса, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) қабылдап алуды және тиеуді тоқтата тұруға;

9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған кезде әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға міндетті.

5. Өндірісі аяқталмаған, жинақталмаған, белгіленген сынақтар жүргізілмеген және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт талаптарына басқа да сәйкессіздіктері бар әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) түпкілікті қабылдап алу туралы куәлікті немесе басқа да құжатты беруге тыйым салынады.

6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне қолданылмайды.

 

28-бап. 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

29-бап. Рекламация

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде пайдалану орны бойынша ақау анықталған не өндірілгені, жаңғыртылғаны, жөнделгені не техникалық қызмет көрсетуден өткені істен шыққан кезде белгіленген кепілдік мерзімі ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы арқылы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органды, әскери өкілді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны дереу хабардар етеді. Бұл тауар (өнім) пайдаланудан шығарылады және оның одан әрі зақымдалуын болғызбайтын әдіспен ақаудың немесе істен шығуының себептерін анықтағанға дейін одан әрі сақтау орнына жеткізіледі.

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлардағы (өнімдердегі), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардағы (өнімдердегі), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердегі ақаудың себептерін анықтау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өкілдерінің және әскери өкілдердің (болған кезде) қатысуымен бірлескен комиссия құрылады. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалады.

3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған жағдайда, әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) пайдалану процесінде:

1) тауарлардың (өнімдердің) өздерінің не олардың қосалқы бөлшектері мен жиынтықтауыштарының контрафактілі шығарылғаны;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)