Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесін туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 77 Қаулысы
(2009.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.22.08. № 128 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногының ашық болу дәрежесін және қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесі бекітілсін.
2. ҚР ҚҚА басқармасының 21.08.04 ж. № 252 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 173 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің барлық мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларына жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.