«Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 760 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру мерзімі кеме иесі бекіткен штаттық кесте мен кемені пайдалану режимі және экипаждың жұмысы туралы бұйрықты (немесе басқа құжат) қоса бере отырып, кеме иесі өтінішті ұсынғаннан кейін екі жұмыс күнін құрайды.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: