«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 142 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 142 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларында:

6-тармағының 4) тармақшасы:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалық құжаттамалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалау құжаттамалары;»;

12-тармақтың 4) тармақшасы:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалау құжаттамалары.».

2. «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

3-тармақтың:

бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кодекстің 87-бабына және 418-бабының 2-тармағына сәйкес келесі объектілер міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады:»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалары;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.