Кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамдарды тану туралы шешім қабылдау туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 35 бұйрығы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекеме туралы ереженің 12-тармағының 12) және 13) тармақшаларына және Халықаралық теңіз ұйымының Резолюциясымен қабылданған МЕРС.349 (92), танылған ұйымдар туралы Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын келесі сыныптау қоғамдары танылсын:
1) Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі (РМРС);
2) «Bureau Veritas Marine & Offshore SAS»;