«Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 406 бұйрығы (2023.06.08. берілген өзгерістермен)

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 406 бұйрығы

(2023.06.08. берілген өзгерістермен)

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.