Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. «Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10015 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.