«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 354 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларында:
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әскери оқу орнына (бұдан әрі – ӘОО) түсетін кандидаттар алдын ала медициналық куәландырудан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық ӘДК (бұдан әрі - ІІМ ОӘДК),ҰҰ ӘДК штаттық (штаттық емес) ӘДК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД) штаттық ӘДК, соңғы медициналық куәландырудан Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі – ҰҰА) штаттық емес уақытша жұмыс істейтін ӘДК өтеді.
«14. Ұшқыштар құрамын дайындау бойынша ӘОО түсетін кандидаттар алдын ала медициналық куәландырудан ІІМ ОӘДК, ҰҰ ӘДК штаттық (штаттық емес) ӘДК, ПД штаттық ӘДК өтеді, содан соң дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясына жіберіледі, соңғы медициналық куәландырудан Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі – ҰҰА) штаттық емес уақытша жұмыс істейтін ӘДК өтеді.
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Әскери қызметтің міндеттерін орындаудан толық босату туралы (7 тәуліктен 15 тәулікке дейін) қорытынды шығарған курсанттары ҰҰА лазаретінде жатады.