«Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 185/НҚ бұйрығы (2026.24.07. берілген өзгерістермен)

Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 185/НҚ бұйрығы

(2026.24.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.03.07. № 378/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.03.07. № 378/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.03.07. № 378/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.