«Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 375 бұйрығы

 «Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 375 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9554 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.»;

18-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);»;

6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) эвакуациялау және шоғырландыру (эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру) жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.