«Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 шешiмi (күші жойылды)

Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 шешiмi

 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 243 шешiмiмен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

2. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты LІ сессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 «2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1273 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде «Алматы Aқшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.