V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 29 шешімі
Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 Қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген шешіммен бекiтiлген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнде (бұдан әрі - Ереже):
1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
Ереженің 1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):