«Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 134 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 14 тамыздағы № 330-331 (26174) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің көтермелеу жүйесі бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: