«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 245 бұйрығы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 245 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Аккредиттеу қағидалары) бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

6. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:

1) Аккредиттеу қағидаларының 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:

«4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық құжат нысанында, электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған құжаттармен бірге өтінішті «Цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе «сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйе «e-Qurylys.kz» (www.equrylys.kz) (бұдан әрі - цифрлық жүйе)» цифрлық объектісі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.