Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына (бұдан әрі - Заңы) сәйкес әзірленді және «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі..
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы:
жеке тұлға - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;