«Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 82 бұйрығы

«Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 82 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 1 нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6 нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6а нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттың жұмысы туралы есеп» № 6К нысаны;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттың жұмысы туралы есеп» № 6Ка нысаны;

6) осы бұйрықтың 5-1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың жұмысы туралы есеп» № 8 нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.