«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық органдарының басшылары осы бұйрықта көзделген шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Н. Әділбеков |
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті
төрағасының
2026 жылғы 8 қазандағы
№ 809 бұйрығына
қосымша