«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18; 2015 жылғы 10 сәуірдегі №1; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) 8-тармақта:

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Кассациялық саты үкімнің және барлық кейінгі қаулылардың күшін жойғаннан және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберген соң істі қарау ҚПК-нің 41-46-тарауларының нормалары сақталып, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.»;

екінші, үшінші және төртінші абзацтар тиісінше үшінші, төртінші және бесінші абзацтар болып саналсын;

2) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Істерді апелляциялық сатыда қарау кезінде соттың құрамы ҚПК-нің 52-бабының екінші бөлігіне сәйкес айқындалады.

Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша сотқа берілген адамның әрекеттері сот үкімімен қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс ретінде сараланса, онда қылмыстық іс апелляциялық сатыдағы сотта алқалы түрде қаралуға жатады.»;

3) 15-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.