Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 Қаулысы
(2026.23.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 122-бабының 2-тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |